Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров 15 айда 14 млрд теңгеден астам шығын келтірген білім саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, білім беру саласында 2023 жылдан бастап ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін еңбекақы төлеу қорынан қаражат ұрлаумен байланысты тұрақты қылмыстық схемалар ашылған.
"Бухгалтерлер ұлттық білім беру базасы, мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері және клиенттердің қазынашылық жүйесі арасындағы интеграцияның жоқтығын пайдаланды. Олар төлем құжаттарына қолмен түзетулер енгізіп, бюджет ақшасын ұрлады. Жымқырушылық жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде де іске асқан", - деді спикер.
Данияр Бигайдаровтың айтуынша, мұндай жымқыру схемасымен олар белгіленген нормадан жоғары жалақы алып жүрген. Бөгде тұлғалардың деректемелері бойынша өздерінің шоттарына бөгде адамдардың жалақыларын есептеген. Сонымен қатар, "қайтыс болған" адамдарға жалақы есептеген.
Сурет: akorda.kz