Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет қаладағы білім беру мекемелерін аралады.

Басқарма басшысы алдымен Шанхай мөлтек ауданындағы №253-ші мектепке барды. Білім ордасының санитарлық тазалық, көркейту, абаттандыру жұмыстары көңіл көншітпейді. Мейрамбек Зинабдинұлы мектеп басшылығына қатаң ескерту жасап, аталған мәселелерді тез арада ретке келтіруді тапсырды.

Қаланың қақ ортасында орналасқан №12-ші мектептің де сыртқы көркейту-көгалдандыру жұмыстары мәз емес. Айналасын шөп басқан. Басқарма басшысы маусымдық жұмыстарды тұрақты түрде назарда ұстау керектігін айтып, ескерту жасады.

№233-ші мектепте де жағдай сондай. Аулаға кіре-беріс тұсы мүлдем жөндеу көрмеген. Білім ордасының жәй-күйімен танысқан басқарма басшысы анықталған кемшіліктер бойынша сапалы жұмыс істеуін талап етті. Сондай-ақ оқу-тәрбие процесі, мектепке балаларды тарту бойынша тапсырма берді.

Мейрамбек Зинабдинұлы білім ордаларының материалдық-техникалық базасын көріп, пән кабинеттерді аралады. Мектеп әжетханаларының жағдайына дейін көрді. Сонымен қатар, кейбір мектептердің кітапханалары электрондық жүйеге көшірілмегенін айтып, оның орындалуы бойынша тапсырма берді.

Мектеп асханаларының жұмысымен де танысып, тағамның сапасы мен бағасына ескерту жасады.

311260686_1466466853856515_785281027929608117_n.jpg

311572581_1466466687189865_3947017987149891682_n.jpg

Тағы да оқыңыз: