Kyzylorda-news.kz.  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ”Мектепке дейінгі тәрбие” бөлімінің оқытушысы Есмаханова Ұлжан Әлібайқызының топта сенімділік пен ашықтық атмосферасын құру, қарым-қатынас процесіне кедергі келтіретін себептерді түсінуге көмектесу және қарым-қатынастың негізгі ережелерімен және әдістерімен таныстыру мақсатында «Білім алушылармен жағымды қарым – қатынасты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Озат оқытушының тәжірибе алаңына барлық оқытушылар белсенділікпен қатысты. Шара барысында Ұлжан Әлібайқызы білім алушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға байланысты бірнеше ойын–жаттығулары мен тренингтер өткізді. Оның ішінде “Көзімнен таны", "Құбыр" ойыны, «Жүрегіме үңілші» және «Жүйрік ой» жаттығулары оқытушылар көңілінен шықты. Шеберлік сағатын қорытындылауда оқытушылар өз әсерлерімен бөлісе отырып, пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ,  «Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледж кітапханасында «Жылдың үздік оқырманы» тақырыбында оқырман бенефисі өтті. 

Бенефиске 2022 жылдың үздік оқырманы ШТ-М-20 тобының студенті Әбілбай Әділет пен 2023жылдың үздік оқырманы ҚТ-Ж-20к тобының студенті Өтепберген Нұркелді қатысып, студенттерге сұхбат-әңгіме жүргізілді.

Мақсаты – білімнің кітап арқылы келетіндігін ұғындыру, студенттердің кітапқа деген қызығушылығын ояту,кітапхана оқырмандарының белсенділігін арттыру. 

Шара барысында 1 курс студенттері үздік оқырмандарға әртүрлі сұрақтар қойылып, бенефиске қызығушылық танытып, кері байланыс берді.

 

Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: