Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде «Шетел тілі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» атты колледж инспекторымен кездесу өтті.

Мақсаты - жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға шақыру. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Сала маманы, колледждің инспекторы Алдоңғаров Сабит Саттибайұлы құқықбұзушылықтар жайлы студенттерге баяндама оқыды және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қатысты ҚР Конституциясындағы заңдармен білім алушыларды таныстырды. Сонымен қатар білім алушылар колледж инспекторымен пікір алмасып,өз сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. Бөлім студенттерін қамтыған шарада  тақырып аясында сахналық қойылымдар қойылып, жас ақындар шығармашылығынан өлең оқылды.

Жиын соңында колледжіміздің ұйымдастырушы педагогі Жәнібек Айбибі білім алушыларды  колледждің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақталуын және, құқықбұзушылыққа жол берілмеуі керектігі жайлы  айтты.

Сондай-ақ, «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімі студенттеріне «Құқықтық сауат -  қоғам құндылығы» тақырыбында   сала мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, студенттердің жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап,  адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау, білім алушыларға еліміздің заңдарының талаптарын білумен қатар оны сақтау міндеттілігін, заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіру.

 Құқық қорғау саласы маманы, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің полиция майоры Алдоңғаров Сәбит кездесу барысында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» мәселесі бойынша студенттерге құқық, жауапкершілік, қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабының 2 бөлімі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  434 б, 435 б, 436 б, 127 баптың 1,2,3 тармақтары туралы толығырақ айтып өтті. ҚР ӘҚБ Кодексінің 442 бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қатысуынсыз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы, яғни сағат  23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін көшеде болуына тыйым салынатынын, ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін ойын-сауық мекемелерінде болса - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын, үйден тыс жерде жүретін болса – ескерту жасалынатынын, егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын атап өтті. Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып,  толыққанды жауаптар алды.

Тағы да оқыңыз: