Kyzylorda-news.kz  М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде «Кибербуллингке жол жоқ..»  тақырыбында тәрбиелік шара өтті. 

Мақсаты - студенттердің буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Топ ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. 

Шараға облыстық жастар денсаулық орталығының психолог маманы Бексултанова  Макпал, колледж психологы Уалибекқызы Жанат, “Мектепке дейінгі тәрбие” бөлімінің меңгерушісі Жұмаділдаева Бота және топ жетекшісі Есмаханова Ұлжан қатысты.

Жиын аясында студенттер қоғамда белең алып тұрған ең көкейкесті мәселе буллинг, кибербулингтің зардаптары туралы «Құпия дос», «Бөлектену», «Синий кит»  деп аталатын қауіпті ойындарды сахналап және зерттеген жұмыстарын презентациямен көрсете білді. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты басқа оқытушылар мен студенттерден алған сұхбаттарынан бейнеролик көрсетті.

Сала мамандары дүниежүзілік интернет желісінің мүмкіндіктері дәстүрлі қорлауға тән психологиялық қысымның формаларына қосылып, соның арқасында Кибербуллинг (моббер) жәбірленушіге тәулік бойы техникалық құралдар арқылы тікелей қол жеткізе алатыны, ұялы телефон немесе әлеуметтік желідегі профиль, электрондық пошта арқылы шығатыны жөнінде көптеген мәліметтер берді. Студенттер келген мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қызу пікір алмасу жүрді. 

Қорытындылай келе, колледж психологы Уалибекқызы Жанат студенттермен кез келген қиындықтан, тығырықтан шығудың жолын көрсететін «Түйінді шеш» атты тренинг ұйымдастырды.

Айта кету керек, буллингг – қорқыту, келемеждеу, агрессивті қарым-қатынас. ЮНИСЕФ жариялаған деректерде мектеп жасындағы 150 мың оқушы сыныптастарынан зәбір көреді екен. Ал ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы өткізген зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанда 11-15 жастағы жасөспірімдердің 17%-ы мектепте айына бір немесе бірнеше рет буллинг құрбаны болған.

Жалпы буллингтің 4 түрі бар. Физикалық буллинг – ұрып-соғу, құлату, итеру, зәбірленушінің физикалық жарақаттар алуы. Осындай жағдайда балалар көбіне «жәй байқамай соғып алдым» деп ақталуы мүмкін.

Әлеуметтік буллинг – басқалардың зәбірленушіні өз орталарына қоспауы, алшақтатуы. Мәселен: оны әдейі естімейтінде күй кешіп, елемеу, барлығы бірге отырысқа жиналғанда, дәл сол бір адамды шақырмау.

Кибербуллинг – бұл әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы жаман пікір жазып, келемеждеу немесе қолданушыны қорқыту. 

Вебральді буллинг – мазақ ету, ар-намысқа тиетін ауыр сөздер айту.

Тағы да оқыңыз: