Kyzylorda-news.kz Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасының бетінен ұрып, денсаулығына зақым келтірді. Оның бұл әрекеті үшін анасына айыппұл салынды деп хабарлады Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Әйел сотта мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісті. Мектепте бірге оқитын сыныптасының бет тұсынан бір мәрте теуіп, дене жарақатын салған.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен қала тұрғынына қатысты іс қаралды.
Анықталғандай, жауапты ата-ана тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы сыныптасының бет тұсынан бір мәрте теуіп, дене жарақатын салып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс әрекет жасауына алып келген іс әрекет жасаған.
Яғни, жауапты ата-ана ұлының тәрбиелеу және білім беру оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетті жасауына жол берген.
Сот қаулысымен бұзақылық жасаған баланың ата-анасына Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Фото: uralskweek.kz