Бес күндікке кімдер көшеді – мұғалімдер үшін жұмыс күнінің режимі әзірленді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Бес күндікке кімдер көшеді – мұғалімдер үшін жұмыс күнінің режимі әзірленді

20.01.2020, 15:00

2070 3

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрлігі Педагогтың жұмыс және демалыс уақыты ерекшеліктерін анықтау қағидаларын әзірледі. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланып, 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бес күндік жұмыс аптасы

Құжатта айтылғандай, білім беру ұйымдарының қолда бар материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарына қарай мұғалімдер үшін бес күндік те, алты күндік те жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.

«Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерінде барлық мұғалім үшін, сондай-ақ жекелеген педагогтер үшін оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу кестесін, кезекшілік кестесін, білім беру ұйымының түрі мен түрін ескере отырып, бес күндік жұмыс аптасы көзделуі мүмкін», – делінген жобада.

Бес күн жұмыс істейтіндер сенбі және жексенбі демалса, алты күн істейтіндер үшін бір демалыс күні – жексенбі ғана қарастырылған.

Сабақ болмаған кезде мұғалім бос уақытын өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

Түскі үзіліс 30 минуттан кем емес

Сонымен қатар, мұғалімдердің демалысы мен тамақтануына қажетті үзіліс уақыты, ауысым кестесі, демалыс және жұмыс істемейтін мереке күндеріндегі жұмыс білім беру ұйымының ішкі тәртібімен белгіленеді.

«Демалыс және тамақтану уақыты ішкі тәртіп ережелерімен бекітіледі және түскі үзіліс уақыты 30 минуттан кем болмауы тиіс», – делінген ережелерде.

Педагогтердің кезекшілігі сабақ басталғанға дейін кемінде 20 минут бұрын басталып, ол аяқталғаннан кейін 20 минуттан аспауы тиіс.

Жыл сайынғы еңбек демалысы

Төмендегі қызметкерлер жазғы немесе өзіне ыңғайлы кез келген уақытта жыл сайынғы еңбек демалысын алу кезінде басым құқыққа ие болады:

  • кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа дейін) жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналар (қамқоршылар);
  • үш және одан да көп баласы бар әйелдер;
  • еңбек жарақатын алған қызметкерлер;
  • емделуге жолдамасы бар кез келген қызметкерлер.

3

  • Салеметсиз! Мен мектеп талимгеримин. Былай уакытта танертеннен кешке дейин жумыс жасаймын. Менде сынып жетекшилик пен сагат жок. Сенби куни демалуым керек деп ойлаймын. Бизде бирак сенби туске дейин жумыс жасаймыз. Сол жагы калай болады?

  • Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жалақысы көтеріліп,құқықтары қорғалама?мұғалімдер сияқты тегін санаторияға барып демала алама? Оларда педагогтарғой

  • Бириншиден мугалимди кезекшиликке коймау керек. Мектепте вахтер бар,демалыс жане мереке кундери кузетши(сторож)бар.
    2. Барлык мектеп(тек 3 аусымды мектептен баска) 5 кундикке коширилу керек. Унеми накты ангиме айтпайсындар.
    3. Туски узилис уакыты деген мугалимдерге кажет емес. Олар сабагына сайкес жумыска келеди. Ол жайында типти ангименин кажети жок.

Пікір қалдыру