Kyzylorda-news.kz.  ЖОО студенттеріне 500 мың теңгеден төрт стипендия, арнайы мектеп оқушыларына 250 мың теңге көлеміндегі алты стипендия бөлінеді.

Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қоры келесі оқу орындарының үрмелі аспаптар бөлімшелерінің студенттері мен оқушыларына Батырхан Шүкенов атындағы 2021-2022 оқу жылына арналған стипендия жариялайды:

  • Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан);
  • Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы);
  • Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы мамандандырылған мектеп (Нұр-Сұлтан);
  • Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты (Алматы);
  • Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты (Алматы);
  • Қарағанды дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернаты (Қарағанды);
  • Музыкаға дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты (Өскемен);
  • Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты (Павлодар).

Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны алуға өтінішті 12 қыркүйекке дейін batyr.foundation сайтында толтыру қажет. Стипендия алуға жоғарыда көрсетілген оқу орындарының студенттері мен оқушылары ғана келесі аспаптар сыныптары бойынша үміткер бола алады:

Ағаш үрмелі музыкалық аспаптары:

  • гобой;
  • кларнет;
  • саксофон;
  • фагот;
  • флейта.

Жезден жасалған музыкалық аспаптар:

  • валторна;
  • тромбон;
  • труба;
  • туба.

Стипендия стипендияны алушының есеп шотына қаражат аудару арқылы біржолғы төлем болып табылады.

2021-2022 жылдарға арналған стипендия саны:

  • көрсетілген жоғары оқу орындары үшін бір стипендиатқа 500 мың теңге мөлшерінде төрт стипендия;
  • көрсетілген мамандандырылған мектептер үшін бір стипендиатқа 250 мың теңге мөлшерінде алты стипендия бөлінеді.

Байқауға қатысу шарттарымен толығырақ қордың сайтынан танысуға болады. Ал жалпы келесі шарттар орындалуы тиіс:

  • кәмелетке толмаған үміткерлер ата-анасының, қамқоршысының немесе педагогының байланыс деректерін ұсынуға міндетті;
  • былтырғы стипендия иегерлері, тәуелсіз іріктеу комиссиясы мүшелерінің, сондай-ақ Болат Өтемұратов қоры мен Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор қызметкерлерінің жақын туыстарының конкурсқа қатысуға құқығы жоқ;
  • стипендияға тек Қазақстан азаматтары ғана үміткер бола алады;
  • іріктеу екі кезеңнен тұрады: онлайн-тур және бірінші турдан өткендерге арналған сұхбат;
  • стипендиаттар сыйлық алғаннан кейін фото және бейнетүсірілімге қатысуға келіседі.

2020 жылы Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыны алуға Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар мен Қарағандыдағы арнайы мектептердің оқушылары, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерватория мен астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері ниет білдірді. Олардың бәрі – үрмелі аспапта ойнайтындар.

Informburo

Тағы да оқыңыз: