Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Жаңақорған ауданында орналасқан облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынына қатысушы оқушылармен кездесті. Оқу-жаттығу жиыны 1 қазан айынан бастау алды. Онда аймақ бойынша 7-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып жатыр.

Басқарма басшысы Мейрамбек Зинабдинұлы сабақ барысымен, оқушылардың үзіліс кезіндегі сергіту сәттерін, балалардың жатын орындары мен асхана жұмыстарымен танысты.

Іс-шара аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, дарынды да белсенді оқушылар басқарма басшысына сұрақтарын қойды. «Сыр дарыны» оқу-жаттығу жиынының берері мол екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Жиын соңында оқу жаттығу жиынында дарынды оқушыларға білім беріп, олимпиадаға дайындық жүргізіп жатқан ұстаздар марапатталды.

Айта кетейік, оқу-жаттығу «Қамбаш» және «Талдысу» олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтарында өткізілуде. Жиын жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндері бойынша басталды. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарынан іріктеуден өткен 7 сынып оқушылары пән бойынша алты топқа бөлінді. 240 оқушыға педагог-зерттеуші мұғалімдер сабақ беріп жатыр.

Онда оқушылар пәндік олимпиадаларға дайындалып, балаларға жоғары деңгейдегі тапсырмалардың шешу жолдарын зерттеуге және бірлесіп орындауға мүмкіндік беріледі. Оқушыларға қажетті ресурстарды қолдана отырып, әрі қарай өзін-өзі оқыту әдістері үйретіледі.

310991055_1460056267830907_4942865532956886347_n.jpg

310977590_1460056214497579_7837949623583842622_n.jpg
 

 


 

Тағы да оқыңыз: