Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша IV кезеңінің өткізілу барысымен танысты. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  

«Дарын» орталығының базасында өтіп жатқан білім бәйгесіне Қызылорда облысынан 7 пән бойынша 29 оқушы қатысып, бақ сынауда.

Басқарма басшысы тестілеу жұмысымен танысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

«Тестілеудің өткізілуі мен адалдықты қамтамасыз ету, бақылау мақсатында бүгін ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен, республикалық «Дарын» орталығынан, білім саласындағы сапаны бақылау департаментінен және ата-аналар комитетінің өкілдері қатысуда. Облыстық кезеңнен оқ бойы оза шауып, республикада аймақ абыройын қорғап жатқан оқушыларымыз жеңімпаз атанады деген сенімдемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін», - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Айта кетейік, білім бәсекесі 13-18 ақпан күндері аралығында өтеді. Олимпиаданың өткізілу барысын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.

1. https://youtube.com/live/d798NeyJruo?feature=share

2. https://youtube.com/live/9kc0mpxXtwQ?feature=share

3. https://youtube.com/live/Js5AmPSCr9M?feature=share

337557792_3558508581097899_4583804090864186230_n.jpg

Тағы да оқыңыз: