Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Байқоңырда Төретам кенті, Ақай ауылдық округі және қала тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Қызылорда өңірінде ел Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасы жаңа форматтағы жеке қабылдау барысында көрініс тапты.

Келушілер Байқоңыр қаласында орналасқан Қазақстандық білім мекемелерінің Ресей әкімшілігіне төленетін​ коммуналдық төлем бағасы, қала ішінде Қазақстандық балабақшалар санын көбейту, Ақай ауылындағы балаларға арналған оқу түзету орталығын ашу және жұмысқа орналасу бойынша мәселелерін айтты.

Жеке қабылдаудан соң Мейрамбек Зинабдинұлы Байқоңыр қаласы Ресей әкімшілігінің орынбасары Николай Адасев және қалалық білім бөлімінің басшысы Елена Киммен кездесіп, білім саласындағы мәселелерді талқылады.

Бұдан соң басқарма басшысы қаладағы бірнеше білім беру мекемелерін аралады. №19 «Ивушка» және «Василек» балабақшаларында болды. №274 орта мектебінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ, Төретам кентінде орналасқан №85 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысын көріп, сапалы түрде аяқтау үшін тиісті тапсырмалар берді.

314337860_1482894165547117_6713737789202045545_n.jpg
313202048_1482894125547121_3641691190209591639_n.jpg

Тағы да оқыңыз: