Kyzylorda-news.kz Жосалы кентіндегі Д. Мырзағалиева көшесінде жаңадан салынған спорт және ойын алаңының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер, кент әкімі мен бөлім басшылары және көше тұрғындары мен балдырған балалар қатысты.

Шара барысында Жосалы кентінің әкімі А.Досмұратов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев, спорт саласының ардагері Е.Атабаев жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді.

Сондай-ақ көше тұрғындарының атынан Кенішкүл анамыз ризашылығын жеткізсе, аудан ардагері Сариев Орынбасар балғын бөбектерді мерекесімен құттықтап, батасын берді.

Шара соңында балдырғандарға мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда аудан көлемінде 17 балалар және спорттық ойын алаңындары салынып, пайдалануға берілген. Оның ішінде, аудандық бюджет есебінен 10, демеушілер есебінен 7 ойын алаңдары салынды.

Биылғы жылы Жосалы кентіндегі Дәмегүл Мырзағалиева және Әбдуәли Жаназаров көшелерінде балалар және футбол алаңдары пайдалануға берілсе, Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун ауылдарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Қорлан САРЫ

Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: