Kyzylorda-news.kz. 21 маусым күні Байқоңыр қаласының барлық мектебінде салтанатты түрде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті. Түлектер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшінде толқынысты сәт.

Қимас мекен, алтын ұяға айналған мектептегі алаңсыз күндер аяқталып, азаматтық жауапкершілігі мол кезеңге аяқ басты. Үлкен өмірге қадам басқан түлектер үшін салтанатты түрде соңғы қоңырау соғылып, ұстаздары ақжарма тілектерін жаудырды. 

Жалпы биылғы жылы Байқоңыр қаласында 206 оқушы жас түлек атанса, олардың 11 «Алтын белгі», 20 «Үздік аттестат» иегері. 
Бүгінгі күні қала көлемінде 190 түлек ҰБТ-ға қатысып отыр. Соның ішінде, №277 мектеп-лицейінің оқушылары Ануарбеков Нұртуған Даниялұлы және Жақанов Алмас Серікұлы аудан көлемінде ең жоғары 133 балл жинады.Ануарбеков Нұртуған Даниялұлы – «Алтын белгі» иегері, сондай-ақ, республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпазы, "BILGEN ALAMAN" ұлттық білім сайысының Республикалық кезеңінің жеңімпазы және қала әкімдігінің стипендияты.

Жақанов Алмас Серікұлы – «Үздік аттестат» иегері, сонымен қатар пәндік республикалық олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы,қала әкімдігінің стипендиаты және дебат ойындарынан Астана қаласында өткен республикалық турнирдің 3 мәрте қатысушысы.

Тағы да оқыңыз: