Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында «ProEco» экологиялық жобалар республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Республикалық байқауға ауданымыздың барлық жалпы білім беру ұйымынан 28 оқушы қатысты.
Конкурсты ұйымдастырудағы мақсат – оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық мәдениетке баулу, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, экологиялық мәдениет пен туған өлке табиғатына оң экологиялық көзқарас қалыптастыру және мектеп оқушыларының интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Аудандық конкурс «Таза қала сізден басталады», «Үздік экологиялық бастама», «Мені қоршаған әлем- ғажайып әлем», «Туған өлке табиғаты» сынды 4 бағыт бойынша өткізілді.
Конкурс нәтижесі бойынша «Таза қала сізден басталады» номинациясы бойынша: II орын- №131 орта мектептің оқушысы Берікова Альбина, II орын - №137 орта мектептің оқушысы Кенжебекқызы Кәусар иеленді. Ал «Үздік экологиялық бастама» номинациясы бойынша: I орын- №210 орта мектептің оқушылары Бектауов Мейірбек, Қанжарбаев Нұрдәулет, II орын- №37 мектеп-лицейінің оқушылары Айбекұлы Бекзатқан, Сақтағанова Айару, II орын - №131 орта мектептің оқушылары Есенгелді Айару, Серікбаева Аяжан лайық деп танылды. «Мені қоршаған әлем- ғажайып әлем» номинациясы бойынша: I орын- №139 орта мектептің оқушысы Ыбыраш Қарақат, II орын- №147 орта мектептің оқушысы Қорғанбаева Әсел , II орын- №132 орта мектептің оқушысы Төлеби Бибінұр, III орын- №210 орта мектептің оқушысы Амангелдиева Томирис, III орын- №135 орта мектептің оқушысы Бердіхан Мәди марапатталды. Сондай-ақ «Туған өлке табиғаты» номинациясы бойынша: II орын- №35 мектеп-лицейінің оқушысы Ғафурқызы Дильназ, III орын- №139 орта мектептің оқушысы Қадырберді Нұрислам, III орын- №44 орта мектептің оқушысы Қуаныш Інжу лайық деп танылды.