Kyzylorda-news.kz «Ұлттық мектептің» негізін қалаушы Аятжан Ахметжан Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында орыс тілін білмейтінін, орыс тіліндегі құжатқа қол қоймайтынын айтты.
«Бұл – ұстанымым. Мен үшін елімізде негізгі тіл – қазақ тілі. Қазақстанның 8 қаласында «QazBilim» орталығы да тек қазақ тілінде жұмыс істейді. Бұл қалаларда 400-ге жуық адам бар. Яғни 400 адам жұмыс істейтін компания қазақ тілін алға қояды. Өткен жылы химиядан PhD докторлық диссертацияны да қазақ тілінде қорғадым. Орыс тілінсіз ғылымда да, басқасында да жетістікке жетуге болады деп есептеймін. Иә, тіл білу – мүмкіндік. Бірақ жетістікке жетудің кілті емес. Негізі бес тілді меңгергенмін. Мен сияқты бес тілді білетін, бірақ жетістікке жетпеген адамдарды білемін», - дейді ол.