Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы NIS-тің 7-сынып оқушысы Нұрдәуіт Мұхтар «Science. Technology. Algorithmization. Programming» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Автономды жұлдыз іздеуші» жобасын ұсынып, STEM номинациясы бойынша 375 қатысушының арасынан ІІ орынға ие болды.
Жоба – телескопты автоматты түрде жұлдызға бағыттайтын Arduino платформасында жасалған құрылғы. Бұл жоба STEM білім беру бағытына, яғни ғылым (физика мен астрономия), технология, инженерия және математикаға негізделген.
«Қазылар алқасы жобаның техникалық мүмкіндіктерін, идеясының өзіндік ерекшелігін және практикалық маңызын жоғары бағалады. Нұрдәуіттің өнертабысы қазіргі мектеп оқушыларының ғылым мен технологиядан шабыттанып, нақты инженерлік шешімдер жасай алатынын көрсетеді», – дейді жоба жетекшісі Айнұр Құрақбаева.