Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қармақшы ауданының орталығындағы 250 мектеп-лицейінде ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың алғашқы кезеңі басталды.

Шалғайдағы ауыл оқушыларға арналған республикалық олимпиаданың алғашқы кезеңінің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы қатысып, білім бәсекесінде бағын сынаушы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауылдық елдімекендердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға аудандық білім бөліміне қарасты 24 білім беру ұйымынан 655 оқушы тіркелді. Олимпиада 2023 жылдың 22 және 29 қараша аралығында «бір парта - бір қатысушы-бір камера» қағидасын сақтай отырып, 11 пән бойынша өткізіледі.

Олимпиада өтетін сыныптарда бейнебақылау жүйесі орнатылып, олимпиаданың өткізілуі барысы Youtube каналында тікелей эфирде жүргізіледі.

403630327_2473553932815498_3096213342466238913_n.jpg403618378_2473554046148820_1884332411325040705_n.jpg

Тағы да оқыңыз: