Kyzylorda-news.kz  Өздеріңізге белгілі, жас интеллектіні қазақша сөйлетіп жүрген сырдариялық жас өнертапқыш ІТ саласы бойынша түрлі жобалардың авторы Асылжан Абдуллаевты танымайтын адам кемде-кем.

Асылжан қазіргі заман талабына сай жасанды интеллектіні қазашқа сөйлетіп, оны бірнеше платформаға интеграциялады. Одан бөлек цифрландыру министрлігінің қолдауымен агро жобаларды жасауда.

Асылжанның ойлап тапқан QazaqGPT бағдарламасын осы күнге дейін 2000-нан астам адам қолданып үлгерген. Жас ғалымның бұл жобасы американдық ғалымдардың қызығушылығын тудырып, Асылжанды бірлесе жұмыс жасауға шақырып отыр. Асылжан ЖИ-ді қазақ тіліне қолайлы ету үшін, бағдарламаға 300 000 астам ана тіліміздегі сөз бен 227 млрдқа жуық ақпарат енгізген. Бұл әрине іргелі де, ірі жетістік болып отыр. Мектепті енді тәмамдағалы отырған жас өнертапқышқа қазірдің өзінде еліміздегі ең ірі 3 ЖОО білім грантын ұсынып отырғанын мақтанышпен айтып өту керек.

Қазақта «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дегендей, бүгінгі таңда, Асылжан «Enactus National Expo Championship 2024» ұлттық чемпионатының жартылай финалына қатысуда. Осы финалдан жеңімпаз атанса, Нидерланды елінде өткізілетін EWC (Enactus World Cup -24) әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Ұлттық чемпионаттың жартылай финалына қатысуға да қажетті материалдарды жасау қаржыны талап ететіні анық.

Осы орайда, «Amanat» партиясы аудандық филиалының қолдауымен, аудандық мәслихат депутаты Ералиев Дархан Жұмашұлы жастардың дамуына жағдай жасау, азаматтық парызы екенін айтып, демеушілік көрсетті.

Сауаптар еселеніп жазылатын берекелі айда, игі іске атсалысып, қолдау көрсеткен Дархан Жұмашұлына алғыс білдіреміз!

Тағы да оқыңыз: