Kyzylorda-news.kz. Астанада мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан оқушының ата-анасы жазаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицияға педагог хабарласқан. Ол 9-сынып оқушысы қоңырау кезінде басқа оқушыларға мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратып жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері келген.  

Оқушы әзіл ретінде компьютермен жазып, қағаздарды таратқанын мойындаған. Полиция соталды тергеу бастады, қажет сараптама тағайындалған.

Баланың ресми өкілдері – ата-анасына әкімшілік шара қолданылған. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмаған баланың анасына айыппұл салынды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: