Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы 264 мектеп-лицейінің базасында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың төрағалығымен Қызылорда қаласының білім беру ұйымдарының басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде балалар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстар жөнінде қаралды. Отырысты басқарма басшысы Асқарбек Есжанов жүргізді. Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысының орынбасары Ілия Жұмағұлов пен қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қатысты. 

Басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен Қызылорда қаласындағы бірқатар құқық бұзушылық пен қылмыстық көрсеткіштерге тоқталып, түнгі шектеулі уақыттағы балалардың заңды өкілінсіз жүруі, тыйым салынған заттарды өздерімен алып жүруі тыйылмай тұрғандығын, мектеп, колледж тарапынан ата-аналармен жасалып жатқан жұмыстарды әлі де күшейту керегін атап айтты. 

Мұнан соң ағымдағы жылғы қаладағы кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық деректер бойынша полиция басқармасымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Сәдуақасова баяндама жасады.

Әріптестер, бала қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Мен бұған дейін болған жиналыстарда білім беру мекемелерінде оқуға келген әр бала жіті тексерілуі керек дегенмін. Оған мүмкіндіктер жасалынған. Барлық мектепте арнайы турникеттер, темір іздегіштер, скуд жүйе, мамандандырылған күзет қызметі қойылды. Тек, жүйелі жұмыс жасауда салғырттық танытып отырғандар бар. Бұлай бола беретін болса, біздің тарапымыздан нақты шешімдер қабылданатынын ескертемін,- деді басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы.

Мұнан бөлек күн тәртібіндегі мәселеге қатысты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ілияс Жұмағұлов жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атықарылған жұмыстарды баяндады.  

Мәжіліс төрағасы «Соңғы қоңырау» іс-шарасы кең көлемде емес, тек мектеп қабырғасында 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен сынып сағаты ретінде ұйымдастырылуын, сонымен қатар аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы облыста бір мезетте ағымдағы жылдың 14 маусым күні өткізілуін, онда бала қауіпсіздігінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

440853709_122141662046107916_3137139795333779903_n.jpg

Тағы да оқыңыз: