Kyzylorda-news.kz. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен 15 мамыр күні Дүниежүзілік банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасының аясындағы «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» тақырыбындағы қорытынды семинар өтті.

Семинарға «Ашық» университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айгул Бекқожақызы және «Құқық және қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі Маржан Кылышбайқызы қатысты.

Семинарда «Білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде өзара байланысты екі жоба аяқталып, қазақстандық және финдік жоғары оқу орындары сарапшыларының бірлескен жұмыстары нәтижеге қол жеткізді.

– Педагогикалық білім моделін енгізу туралы өткен семинар біз үшін үлкен мүмкіндік десем артық емес. Біз мұнда сан түрлі ақпараттарға қол жеткіздік. Білім беру бағдарламаларына қажет түрлі мағлұматтар алдық. Заманауи педагогикалық білімді тереңдетіп оқуға арналған семинар бірнеше оқытушының біліктілігін арттыруға септігін тигізді, – деді А.Бекқожақызы.

Бірінші жоба аясында «Педагогикалық білім әлеуетін нығайту» (KZEMP/QCBS-03) жобасы шеңберінде педагогикалық білімнің, жаңа педагогикалық моделі әзірленді. Сондай-ақ, «Педагогикалық, зерттеулер» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылды. Жоба шеңберінде студентке бағдарланған және жаңа педагогикалық модельдер мен институционалдық құрылымдарға, сондай-ақ, жаңа педагогикалық құрылымдардың талаптарына сындарлы түрде сәйкес келуі үшін Қазақстандағы орта білім берудің білім беру бағдарламалары кіреді.

Ал, екінші жоба «Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» жобасы (KZEMP/DS-02) деп аталады.

Ол педагогикалық білімнің жаңа жетілдірілген моделін енгізуге және әзірлеген 30 білім беру бағдарламаларын пилоттауға бағытталған. Жоба аясында 1800 оқытушы заманауи педагогикалық білімді тереңдетуге және силлабустарды кұрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті.

– Семинарға қатысып, онан алған әсерім тым бөлек. Бұрын соңды білім беру бағдарламаларында кездеспеген түрлі әдістерді үйрендік. Бұл семинар біз үшін үлкен тәжірибе алаңы. Семинардан алған ақпараттарды білім беру бағдарламасында қолданамыз. Осындай біліктілікті арттыруға арналған семинарлар көптеп ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр, – деді М.Қылышбайқызы.

Университет мамандары біліктілікті арттыруға арналған семинардың сертификатына ие болды.

Тағы да оқыңыз: