Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен Ашық есік күніне облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6-сыныптарынан 500-ге жуық оқушы қатысты. Іс-шара аясында болашақ үміткерлер білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен және мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.
Бағдарлама аясында оқушылар мектеп ішін аралап, пәндер бойынша ұйымдастырылған эксперименттік алаңдарға қатысты. Сонымен қатар, шығармашылық үйірмелер мен жобалар туралы ақпарат алды.

Мамандар конкурстық іріктеу бойынша құжат қабылдау тәртібі, іріктеу кезеңдері және қабылдау комиссиясының жұмыс мерзімдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға дайындыққа арналған ресми ресурстар, демонстрациялық материалдар және байқау тестілеу платформалары ұсынылды.

Ашық есік күні болашақ үміткерлер үшін NIS мүмкіндіктері мен оқу артықшылықтарын таныстыруға арналған ақпараттық алаңға айналды.
Айта кетейік, 2026–2027 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқу үшін «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат қабылдау 2026 жылдың 5-қаңтарында басталып 9-ақпанға дейін жалғасады. Кешенді тест 2026 жылғы 27, 28 наурыз күндері өтеді.
