Kyzylorda-news.kz  Асхат Аймағамбетов халыққа ұнайтын ұсыныс жасады. Ол бұл туралы өз жазбасында мәлім етті, деп хабарлайды Alash.kz.

– Салық кодексіне қатысты бір топ депутаттың ұсынған түзетулері туралы жазба жариялаған соң, бірқатар сұрақ келіп түсті. Әсіресе, «неге дәрі-дәрмекке, медициналық қызметтерге, кітаптарға және банк аударымдарына ҚҚС салмау керек?» деген сұрақтар жиі қойылады, – деді А.Аймағамбетов.

Дәрі-дәрмек пен ем-дом шаралары туралы баяндап берді.

– Біз ауыр, созылмалы және өмірге қауіп төндіретін көптеген ауру бойынша дәрі-дәрмек пен емдеуге қазіргі 0% ҚҚС мөлшерлемесін сақтап қалуды ұсынамыз. Мысалы: онкология, диабет, сирек кездесетін немесе аутоиммундық тағы басқа аурулар. Неге? Себебі, салықтың өсуі – бағаның өсуі. Ал дәрі-дәрмектің бағасының өсуі бірінші кезекте науқастар мен олардың отбасыларына ауыр салмақ. Бұл жай ғана салық мәселесі емес, бұл – адамгершілікке қатысты шешім. Онко-дәрілер мен сирек ауруларға арналған препараттардың бағасы қазірдің өзінде өте жоғары. Егер оларға ҚҚС енгізілсе, бұл – бағаның бірден 10%-ға өсуі деген сөз, – деді ол.

Тағы да оқыңыз: