Kyzylorda-news.kz. 28-30 қараша аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін институционалдық аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) сарапшыларының сыртқы сапары өтті. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер мен студенттер өкілдері кірді.
Сапар барысында сарапшылар тобы университеттің материалдық-техникалық инфрақұрылымымен: оқу ғимараттарымен, кітапханамен, мамандандырылған кабинеттермен, зертханалармен, цехтармен, спорт базасымен, жатақханалармен, тәжірибе базаларымен танысты.
Әкімшілік басқару аппаратымен, жоғарғы оқу орны құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, профессорлық-оқытушылық құраммен, білім алушылармен, университет түлектерімен, жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді.
Сарапшылар кафедраларды аралап, профессор-оқытушылар құрамының сабақтарына қатысты.
Сыртқы сараптау комиссиясының жоғарғы оқу орнының басшылығымен қорытынды кездесуінде комиссия төрағасы университет қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.