Kyzylorda-news.kz. Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Педагогикалық мамандық адамды жас, белсенді және тынымсыз болуға міндеттейді. Оқушыларды зерттеу жұмысына үйретіп, оларды адамзат жинаған тәжірибені құрметтеуге, қоршаған әлемге және өмірге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеумен бірге мұғалімнің өзі де білім алады, шеберлігін шыңдайды. 

Арал ауданында 23-24 қараша күндері «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында педагогикалық шеберлік орталығы мен Арал ауданы бойынша білім бөлімінің бірлескен «Мұғалімнің кәсіби дамуы: инновациялар арқылы білім сапасына» тақырыбында педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Іс-шараға білім беру қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті демеушілік жасады. 

Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласы бойынша филиал директоры Камалова София Тәкенқызы мен білім саласы қызметкерлерінің Қызылорда облыстық комитеті төрғасының орынбасары Өтегенова Нұргүл Сабырқызы және Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жанназарова Санира Нұрқожақызы қатысушыларды педагогикалық идеялар фестивалінің ашылуымен, сонымен бірге, педагогикалық шеберлік орталығының 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі. 

Мотивациялық кездесу бағытында аталған шараға қатысқан спикерлер – Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы, Қамыстыбас елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Балмырзаева Азат Төлебайқызы ұстазға деген ұлы сыйластық туралы айта келіп, ортақ мүддеге ұмтылған ата-ана мен мұғалім және оқушы арасындағы тығыз байланысқа тоқталды. Өздерін бұрынғы шәкірт, қазіргі таңда ата-ана ретінде әңгімелей отырып, жеткен жетістіктерінің барлығының бастауы мектепте алған білім екендігін тілге тиек етті. Ұстаздар қауымына үлкен алғыстарын білдірді. 

Фестивальге Қызылорда қаласынан және облыстың барлық аудандарынан шығармашыл топтар қатысты. Олар ұйымдастырылған жұмыстарда өз білімдері мен біліктіліктерін таныта білді. Сондай-ақ, өнерпаздық қабілеттерін көрсетіп, сахна төрінде жұлдыздай жарқырады.

«Әлемді жақсы жаққа өзгертеміз!» командалық таныстырылымда табысты жас ұрпақты дайындайтын ұстаз келбетін ашатын топтық тұжырымдарын ұсынды. 

«Кәсіби шешімдер мен тапқырлық» квест ойындарынан соң, педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің шеберлік сыныптарына қатысты. 

«Идеядан іске асыруға дейін» воркшоп барысында әр ауданның шығармашыл мұғалімдерінің үздік жұмыстары көрсетілді.

Фестивальде педагогикалық идеяларымен тәжірибе алмасқан топ мүшелері «Бірге билейік!» флешмобында және «Жұлдыздар жауған түн!» шығармашыл ұстаз кешінде өз өнерлерін көрсетіп, нағыз өнерпаз жандар екендіктерін танытты. Жүректен шыққан өлеңдерден өрнек тоқылып, әсем әннен шашу шашылды. 

Фестивальдің келесі күнінде «Алғашқы күннің дайжесті» тақырыбында постер галереясы ұйымдастырылды. 

«Өмір бойы білім алу» деп аталатын педагогикалық жобалар қорғау жұмысында «Зерттеу дизайны: жоспарлаудан рефлексияға дейін», «INSIGHT лаборатория: оқыту формалары мен стратегиялары», «Білім берудегі сандық технологиялар», «Саралап және даралап оқытудан дербес оқытуға» бағыттары бойынша жобалар қорғалды. Әрбір топ өз жұмыстарын жан-жақты талдап түсіндірді. Өз идеяларын ортаға салды. 

Педагогикалық идеялар фестивалі өз жұмысын қорытындылап, командалар арнайы Дипломмен және Алғыс хаттармен марапатталды.

316538685_1204537310098940_2672148510060639515_n.jpg

 

316196544_1204537806765557_4957949032861494575_n.jpg

 

316297801_1204536936765644_1741006504944942700_n.jpg

 

316257588_1204537086765629_1015644427599870359_n.jpg

 

316094867_1204537253432279_3367985687217886431_n.jpg

Тағы да оқыңыз: