Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова оқушыларды ғылымға баулуда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен екіжақты меморандум жасалғанын атап өтті. Яғни 54 инновациялық мектепте оқушыларды ғылыми жоба мен олимпиадаларға дайындау үшін жылына 1500 сағат бөлінген.

“Негізгі мақсатымыз – оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап ғылымға баулу, жол көрсету. Меморандум аясында оқушылардың ғылыми жұмыстарына бірқатар университет ғалымдары жетекшілік етеді. Мәселен, облыс көлемінде бірнеше мектептерде жылыжай ұйымдастырылған. Жылыжайларда оқушыларға биология ғылымдарының кандидаты Рахат Құрманбаев, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов жетекшілік етеді. Ал, ауылдық жердегі, Жаңақорған ауданындағы №195 мектеп-гимназияға тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, филология ғылымдарының кандидаттары Айман Айтбаева, Райкүл Диуанова оқушыларды ғылыми жобаға дайындайды”, – дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Қызылордадан соңғы 3 жылда республикалық байқауларға 84 оқушы қатысып, 46 оқушы жүлде иеленді. Республикалық ғылыми жоба конкурсына 63 оқушы қатысып, 23 оқушы жеңімпаз атанды.

Тағы да оқыңыз: