Kyzylorda-news.kz. «Сұлу-ай» шығармашылық өнер және "Аслан" спорт орталығының қызметін жан-жақты үйлестіру мақсатында қос орталықтың құрылтайшысы Анар Қалдыбаеваның тікелей тапсырмасына сәйкес, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде бірқатар үйірмелерге білікті мамандар тартылып, үйірме оқушыларын сабаққа уақытылы қатысуы толықтай қамтамасыз етілді. Зерделеу жұмысы аясында Сырдария ауданына қарасты 8 елді мекендегі үйірме сабағы өткізілетін мәдениет ошақтарына бейнебақылау орнатылды.
– Шын мәнінде, талап қойылған жерде жұмыстың нәтижелі болатындығын анық аңғара алдық. Орталық құрылған 2 жыл ішінде біршама өзгерістер орын алуда. Ұстаздар құрамы жаңарып, мемлекеттік бағдарламаның құрылымы өзгерді. Құжаттар жиынтығы толықтырылып, оқушыларымыз қол жеткізген жетістіктер таразыға салынып, жан-жақты сараланды. Ал балалардың қарым-қабілеті арқылы ұстаздардың жұмыс істеу деңгейі нақтыланды. Барлық үйірмелер өткізілетін бөлмеге көрнекілік бұйымдарын орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ата-анамен берік байланыс орнатылып, сабақ кестесі бөлменің қас бетіне заманауи үлгіде ілінген болатын. Бұл ретте, жаз мезгілінде ата-аналар түсіністік танытып, балаларды сабаққа уақытылы жіберсе деген тілегіміз бар, – дейді Анар Қалдыбаева.
Айта кетейік, орталық басшысының қолдауымен Іңкәрдария ауылындағы "Домбыра" үйірмесінің мүшелері бірнеше домбырамен қамтамасыз етілді.