Kyzylorda-news.kz. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты кез келген зорлық зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесі «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Білім мен денсаулық сақтау» және «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестердің бірлескен отырысында қаралып, талқыланды.

Бірлескен отырысты «Білім мен денсаулық сақтау» жөніндегі кеңестің төрағасы Нұридин Амитов жүргізді. Басқосуға аймақтық кеңестердің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметін басқармасы ювеналды полицияның аға инспекторы, полиция майоры Раушан Абдразақова және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Қали баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша өңірде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда өсіп отыр.Олардың 17-сі мектеп, гимназия және лицей оқушыларына, колледж студенттеріне қарсы орын алған.

Мұнан соң қос кеңестің мүшелері зорлық-зомбылық жайын, оған берілетін жазаны күшейту сияқты мәселелерді өзара талқылап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Атап айтсақ, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қауіп-қатер тобын уақытылы анықтау үшін мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың жұмысын арттыру, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналар комитеті жұмысының мәртебесін көтеру, балалардың әлеуметтік желілердегі контенттерін шектеу, ата-аналардың балалар тәрбиесінде жауапкершілігін қылмыстық кодекспен қарау, ата-аналар жиналысына толықтай ата-аналардың қатысуын қадағалау және мектептердегі психолог санын көбейту секілді ұсыныстар.

Басқосуда айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, республикалық кеңеске, партияның фракциясына және жергілікті атқарушы органдардың назарына ұсынылатын болды. Көтерілген мәселелер партия филиалының тұрақты бақылауында болады.

395404217_727239206108385_3081795502486154168_n.jpg

 

395404862_727239292775043_999671129856311562_n.jpg

Тағы да оқыңыз: