Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы өзінің Сайлауалды бағдарламасында балалардың Сапалы білім алу үшін өңірде физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесін 100%-ға жеткізуді мақсат еткен болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес іске асырылуда.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Қармақшы ауданында болып, бағдарлама аясында жасақталған Т.КӨМЕКБАЕВ атындағы №250 мектеп-лицейі жұмысын бағамдады.
Білім ордасында бүгінгі таңда барлығы 28 кабинетке компьютер, жылжымалы интерактивті панельдер, зертханалар жабдығы, үлкен LED экран, 3D принтер орнатылған. Жаңа модификация физика, биология кабинеттері мен зертханасы, жаңа модельді компьютермен жабдықталған информатика кабинеті, бастауыш сыныптарға арналған кабинет жабдықтары мен оқушы партасы мен орындықтары, жаратылыстану бағытына арналған STEM зертханасы, улдар мен қыздарға арналған шеберханалар жұмыс жасауда.
Жалпы өңірде мектептерді жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамту бойынша жыл сайын жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлінуде. 2021 жылы 56 кабинет, 2022 жылы 50 кабинет алынды. 2023 жылы 51 пәндік кабинет алуға бекітілген бюджетпен 403,4 млн. теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, 14-Биология, 20 – Химия, 17 физика кабинеттері жеткізілді. Бүгінгі күні кабинеттер толығымен жасақталып, көрсеткіш 91% құрады. Мұның қатарында Т.КӨМЕКБАЕВ атындағы №250 мектеп-лицейі де бар.