Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Алуа Абдраим Назарбаев Университетінен және Гонконгтағы алты ЖОО-нан шақырту алды.

Жас зияткер таңдауы Hong Kong Baptist University-не түсті. Бұл білім ордасы халықаралық аккредиттеуінен өткен әлемдегі үздік бизнес мектептерінің бірі болып табылады.

– HKBU жастарды 21-ғасыр талап ететін инновациялық серпін мен креативті ойлауға дайындайды. Бірінші жыл міндетті бизнес курстарын оқысақ содан кейін ұсынылатын 8 бағыттардың бірін таңдауға мүмкіндік бар. Мен Imformation Systems-ке баруды жоспарлаймын, себебі болашақ — компьютерлік ғылымның қолында, – дейді Алуа.  

Сонымен қатар Алуа Гонконгтағы әлімдік бірегей компанияларда тәжірибе алмасып, Қазақстандағы кәсіпкерлікті цифрландыру саласына айтарлықтай үлес қосуды мақсат етіп отыр.  

–  NIS-тегі сапалы білім, мықты тәрбие, түрлі үйірмелер, бай кітапхана, қызықты байқаулар мен ерекше жобалар – менің ой-өрісімді дамытып, дүниетанымымды кеңейте түсті. Академиялық мықты бағдарламаның арқасында болашақта қажет болатын дағдыларды бойыма жинап, зерттеушілік қабілеттерімді дамыттым. Осы жолда қолдау көрсеткен барлық ұстаздарыма және сыныптастарыма алғысымды білдіремін, – дейді Алуа.

Тағы да оқыңыз: