Полиция мұғалімге қатысты "ұрып-соғу" баба бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматы облысында желіде тараған видеодан кейін мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде ер адамның жасөспірімге дауыс көтеріп, күш қолданған сәті түсірілген видео пайда болды. Кейіннен видео кейіпкерлерінің Алматы облысы Іле ауданы Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі мен 8-сынып оқушысы екені анықталды.
Облыс әкімдігі мұғалімнің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Әкімдіктің хабарлауынша, ұстаздың әрекеті педагогикалық этиканы бұзу және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану ретінде қарастырылған.
Полиция мұғалімге қатысты "ұрып-соғу" баба бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Кәмелетке толмаған баланы соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Егер мұғалімнің кінәсі дәлелденсе, күдіктіге 100-ден 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 100-ден 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30-дан 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Фото: pravorub.ru