Kyzylorda-news.kz. Алматының білім басқармасы мектепте есінен танып қалған оқушы қызға қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінің оқушысы белгілі әлдебір қоспаның артық мөлшерінен уланып қалып, есін жоғалтты деген ақпарат тарады.

Алматы қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушысы әлсіздіктен есінен танып қалған.

"Жасөспірімге келген жедел жәрдем барлық қажетті көмекті көрсетті", – деп хабарлады білім басқармасының өкілдері.

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: