Kyzylorda-news.kz  Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда үш адамның өлiмiне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзды деген айыппен мектеп мұғаліміне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 2023 жылы 19 желтоқсанда "Самара – Шымкент" тас жолының 1140-шақырымында болды. Аталған жол учаскесінде "Toyota" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, жүк автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан автокөлік салонындағы үш жолаушы мерт болып, тағы біреуі ауруханаға түсті. Жол апатына түрткі көлік ішінде олимпиадаға бара жатқан мектеп оқушылары болған.

Сотта сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді.

Жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын, бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын, кінәсін мойындап, шын ниетпен өкінуін таныды. Сотпен қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: