Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ресми сапармен АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркін ханым келді.

Делегация Студенттер сарайында сирек кездесетін ғылыми кітапхана қорымен танысып, музейді көрді. Қонақтар университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен мүмкіндіктерімен танысты. 

АҚШ пен Қазақстан университеттерінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және американдық кеңестің әріптестік бағдарламасының қолдауымен  АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетімен бірлесіп "Қазақстандағы өңірлік университеттер үшін экология және қоршаған орта туралы ғылымдар бойынша негізгі оқу бағдарламаларын ілгерілету" атты жоба іске асырылды. Бұл жобаға Джордж Вашингтон университеті, Оңтүстік Дакота университеті, Нью-Йорктегі Пейс Университеті және Мейн университеті қатысты. 

2020-2022 жылдары АҚШ Елшілігі қаржыландыратын педагогикалық университетті дамыту бағдарламасы (pudp) аясында біздің 30 оқытушымыз 72 сағаттық оқудан өтті. Қазіргі олар Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласы Ағылшын тілі мектептерінің оқытушыларын заманауи оқыту әдісіне үйретуде.

Сонымен қатар, екінші жыл Фулбрайт бағдарламасының стипендиаттары ағылшын тілін оқыту үшін үкіметаралық келісімдер негізінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен біздің университетке келеді.

АҚШ-тың Бас консулы қызылордалық ғалымдармен кездесті 1.jpg

Кездесуде тараптар ынтымақтастық мүмкіндігін кеңейту және білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайту аспектілерін талқылады.

Жиын соңында Бейбіткүл Сәрсемханқызы мұндай іс-шаралар өзара тәжірибені байытуға және мәдени өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеріне сенім білдірді. Олардың қолдауы мен университетке деген қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.

 

Фото:korkyt.edu.kz

Тағы да оқыңыз: