Kyzylorda-news.kz. 2023 жылдың 29-маусымында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде 2022-2023 оқу жылындағы колледж бітірушілеріне арналған «Ақ жол, бітіруші Жас маман-2023» тақырыбында салтанатты шара болып өтті.

Биылғы жылы  ордалы оқу орнын бітірушілер саны 28 оқу тобы, 19 мамандық бойынша 458 маман даярлап, еңбек жолына аттандырды. Оның 446-ы  бюджеттік негізде, 11-і ақылы негізде оқыды.  

Колледжді үздік бітіруші түлектерінің салтанатты шеруін 

-  «Ветеринария және ауылшаруашылық мамандықтар» бөлімшесі  бойынша 8 оқу тобы бітіріп, үздіктер шеруін бөлімше меңгерушісі Бисембаев Бағдат Бүркітбайұлы;

-  «Энергетика және құрылыс мамандықтар» бөлімшесі бойынша 8 оқу тобы бітіріп, үздіктер шеруін бөлімше меңгерушісі Жапақова Гүлнар Өтешқызы;

- «Геология және сандық техника мамандықтар» бөлімшесі бойынша 5 оқу тобы бітіріп, үздіктер шеруін бөлімше меңгерушісі міндетін атқарушысы Мырзабаева Динара Серікқызы;

- «Логистика және көлік мамандықтар» бөлімшесі бойынша 7 оқу тобы бітіріп, үздіктер шеруін бөлімше меңгерушісі Меңілқұлов Нұр Машарапұлы бастап шықты.

Колледж мамандықтары бойынша бітіруші мамандардың салтанатты жиынын И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің директоры Абдикаримов Бахытхан Жунайдович ашып берді. Колледж Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Бекманов Кажданбек Бекманұлы, колледж әлеуметтік серіктестігі “Сауле” шаруа қожалығы  директоры Каниева Саулеш Нұғымқызы,   колледж директорының  оқу жұмысы  жөніндегі  орынбасары Ермұхан Бауыржан Бақытжанұлы жас мамандарға ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Бітіруші түлектердің  ата-аналары  колледж директорының алғыс хатымен марапатталды. Бітіруші түлек Батырхан Айдананың  анасы Алтынбекова Тұрсынай Абдуллақызы  сөз сөйлеп, алғыс білдірді. Студенттік өмірдің бал күндерін бірге өткізген бітірушілер  атынан Абдуллаева Сандуғаш Нариманқызы да сөз сөйлеп, өз қатарластарына ақ жол тіледі. 

Тағы да оқыңыз: