Kyzylorda-news.kz Бүгінде еліміздің көптеген университеттері білім беруді интернациоландыру, оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіп, студенттерін алыс-жақын шетелдерге оқуға жіберу арқылы академиялық ұтқырлықтың білім мен тәжірибе алмасу алаңы ретіндегі мүмкіндіктерін оңынан пайдаланып, бірегейлі танымдық үрдістер шеңберін қалыптастыруда.

Осыған орай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Информатика және АКТ» білім беру бағдарламасының 17 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде тәжірибе алмасуда. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге және халықаралық тәжірибе жинақтауға бағытталған. Бағдарлама аясында білім алушылар заманауи ақпараттық технологиялар, бағдарламалау және цифрлық жүйелер бойынша білімдерін жетілдіріп, шетелдік жоғары оқу орнының тәжірибесімен танысады.  

Айта кетейік, Қорқыт ата университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асырып, студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуына қолдау көрсетіп келеді.

Еліміздің әр университеті ұсынған академиялық ұтқырлық бағдарламаларының жүзеге асу қағидасы әртүрлі болғанымен, барлығы дерлік білім алушы мен білім берушінің мүддесіне қызмет етеді. Бұл үрдіс кеңейіп, бағытын одан әрі кеңейткен сайын, отандық білім беру жүйесінің сапалы жетілуіне үлесін қоса бермек.

коркыт 1.jpeg

Тағы да оқыңыз: