Kyzylorda-news.kz.  Интернационалдандыру саясатын жүзеге асыру мақсатында университет сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүйелі түрде іске асыруда. Бұл туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова мәлімдеді. 

Атап айтсақ, 2022-2023 оқу жылында 21 білім алушы Еуропаның Лодзь және Ховест қолданбалы ғылымдар университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімдерін шыңдап келді.

Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылының бірінші академиялық кезеңінде 44 білім алушы Хубей (ҚХР), Каннам (Оңтүстік Корея), Лодзь (Польша), Сельчук (Түркия) жоғары оқу орындарында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы халыққа Жолдауында ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отырғанын, сырттан келетін судың азайып бара жатқанын, судың тиімсіз пайдалануын, осы саладағы мамандардың тапшы екенін, қажетті мамандарды дарярлау және білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керектігін ерекше атап өтті.

Осы орайда, аталған салаларда шетелдік тәжірибемен алмасу, озық технологияларды пайдалануды үйрену және білікті кадрлар даярлау мақсатында университет Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі су ресурстарын басқарумен айналысатын бірігей жоғары оқу орны болып саналатын «Ташкент ирригация инженерлері және ауылшаруашылығын механикаландыру институты» Ұлттық зерттеу университетімен ынтымақтастық байланыс орнатылды. Нәтижесінде оқу орнымыздың «Су ресурстары және суды пайдалану», «Жерге орналастыру», «Жерді мелиорациялау» және «Кадастр» мамандықтары бойынша 15 студент қыркүйек айынан бастап бір семестр бойы Өзбекстан Республикасында білім алуда.

Тағы да оқыңыз: