Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде құқық бағытында білім алатын студенттерге сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Ташкент мемлекеттік заң университеті, Азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Лейла Бурханова «Азаматтық құқық» курсы бойынша дәріс жүргізді.

Дәрісте құқық саласының маңыздылығы, заңнамаға енген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылып, Ташкент қаласында студенттермен бірге дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Университет студенттері екі ел арасындағы ерекшеліктерге байланысты сұрақтарына жауап алды.

Университетте құқық бағытында білім алатын студенттерге ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасұлов «Конституциялық құқық» бойынша мазмұнды дәріс жүргізді.

Ғалым – 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы.

Сондай-ақ, студенттерге ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық институты, Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Несібелі Калкаева «Қылмыстық құқық» курсы бойынша мазмұнды дәріс оқыды.

Ғалым – 130-ға жуық ғылыми еңбектің авторы, «ҚазҰПУ хабаршысы», «Юриспруденция» сериясы журналының жауапты хатшысы.

Тағы да оқыңыз: