Kyzylorda-news.kz. Мемлекет қайраткері, математик, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Асқар Жұмаділдаев Нағи Ілиясов ауылына арнайы ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Академик ауылдағы өткен жылы салынған «Еңбекшілер» аллеясын және әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ «Мағжан и К» ЖШС-нің жұмысымен де танысты. Ауыл кітапханасына да барып, математика туралы кітаптардың сапасына мән берді. Бұған қоса, ауыл ақсақалдарымен жолығып, олармен тілдесті.
Бұған дейін академик Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында жас математиктерге арналған ғылыми тереңдетілген лекциясын өтті. Асқар Жұмаділдаев лекцияда күрделі есептердің шешілу жолын және оның тәсілдерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Асқар Жұмаділдаев ғылымды дамыту, жастардың ғылыммен айналысуына қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды. Ұлттық ғылым академиясының әлеуеті, ғалымдардың академияға жұмысқа орналасуы, тәжірибе алмасуы туралы сөз қозғады.
Айта кетейік, бүгін Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталатын болады.