Kyzylorda-news.kz «Өрлеу» Қызылорда облыстық филиалында өткізілетін біліктілікті арттыру курстары аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар білім беру жүйесін дамытуға, білім алушыларға сапалы білім беру әдістерін оқу үдерісіне кеңінен енгізуге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

Қызылорда қаласындағы оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс тыңдаушылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тәжірибе алмасу кезінде №176 орта мектептің аға тәлімгері Қалдыгүл Қалыбаева және оқушылар мен жасөспірімдер үйінің мәдени көпшілік меңгерушісі Гүлжібек Қапанова «Тәрбиенің қоғамдық маңызды бағыттары бойынша оқушылардың ұжымдық шығармашылық қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен тәсілдері» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.

Аға тәлімгерлерге арналған көшпелі тәжірибелік сабақ соңында «Жас Ұлан» ұйымының қызметін сүйемелдеу, дамыту, аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағытында тиімді кері байланыс жасалып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Аталған мекеме және оқушылар мен жасөспірімдер үйінің бірлескен сындарлы жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: