Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жалпы білім беретін, арнаулы орта оқу орындары арасында нашақорлық проблемасына қатысты әлеуметтік зерттеулер жүргізуге байқау ұйымдастырды.
Байқаудың негізгі міндеті облыс халқының нашақорлық проблемасына қатынасын анықтау болды.
Байқауға 24 оқу орны қатысты. Олардың әрқайсысы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қатысты сауалнама жүргізді.
Байқау комиссияның шешіміне сәйкес Жалағаш ауданының №№123,201 мектеп – лицейлері, Шиелі ауданының №№49,127 орта мектептері, Қызылорда қаласының №271 орта мектебі, Арал ауданының №№262,73 мектеп-гимназиясы мен орта мектебі және Қармақшы ауданының №№183,85 орта мектептері жеңімпаз деп танылды.
