Kyzylorda-news.kz  Кездесуің басты мақсаты – білім беру ұйымында әкелердің қызметін жандандыру, қоғам мен жанұяның өзара байланысын нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, сенім мен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлі мен оның маңызын, беделін айқындау. 

Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы "Әке - асқар тау", "Әке - бәйтерек" деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. "Әке - балаға сыншы"-, дейді халқымыз. Мектеп-лицей басшысы Рита Жұмамұратқызы кездесудің маңыздылығын балаларға жеткізе отырып, әкелерге рахмет айтып, жиынды ашты. 3б сынып оқушысы Өмірбек Мейіржан «Әке мен ана» әнімен кездесу жалғасын тапты. 

Кездесуге 25 әке мен 70 оқушы және ұстаздар қатысты. Арнайы қонаққа шақырылған әкелер, әр саланың қызметкерлері. Айтпенбетов Болатбек Серікбайұлы – Қызылорда облысының «Еріктілер» фронт офисінің жетекшісі, «Айбын» орденінің иегері, “AQNIET” Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облысы бойынша филиал төрағасы, 3 қыз тәрбиелеп отырған әке. Алматов Руслан Фаррухович – ИП «Алматов» бейнебақылау инженері, ата-аналар комитетінің төрағасы, Сырымбетов Ерлан Сабирдинұлы – көп балалы әке, жеке кәсіпкер, ата-аналар комитетінің мүшесі, Қасымов Әлімжан Әлібайұлы – «Ел-арай» қорының директоры, қамқоршылық кеңес төрағасы, Жанділлаев Нұрбек Ералыұлы - Қызылорда полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны, Ардақ Зейнуллаев – Қызылорда гарнизоны Әскери қатынастар комендатурасының әскери коменданты, Марданов Бауыржан Есенғалиұлы - №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші құтқарушысы, Кайдаулов Ғабиден Төлеутайұлы – 5 мектеп-лицейдің атасы, директордың бейінді орынбасары.

 Елімізде «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылып, бірқатар жобаны іске асырып келеді. Оның бірі – «Саналы әке» жобасы. Оның басты міндеті – отбасындағы отағасы, әкенің рөлін арттыру. 

Сонымен қатар жыл сайын өткізілетін «Әкелер форумының» да маңызы зор. Биылғы іс-шара отбасы құндылықтарына арналды. Қазақтың батыр жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ешкім іштен батыр, дана болып тумайды: ол да мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалып­тасады», дегені тал бесіктен жұққан тәрбиенің отбасылық институттарымен реттелетінін аңғартса керек. Бүгін, біз, Құнанбайдай әкенің тәрбиесін бере алмасақ, ертең Абайдай ұлдарды өсіре алмаймыз. Кездесуге келген әкелер әр саланың майтаманы болғандықтан жұмыстарындағы қиындықтар мен де бөлісті. Жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуге бағыт берді. Бейнероликтер көрсетіліп, еркін форматта сұрақтарға жауап беріп, балалар өздерінің әкелерін әрдайым мақтан тұтатынын алға тартты.

 

Қорлан САРЫ
Фото:aqmeshit-zhastary.kz

Тағы да оқыңыз: