Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абылайхан атындағы №140 орта мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және алдын алу шараларының әсерін күшейту мақсатында «АДАЛДЫҚ. ЗАҢ. АШЫҚТЫҚ» тақырыбындағы ашық-форсайт өтті.

Жиынға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры Ақзада Алайдарқызы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті Алмагүл Жанділдақызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Әлібек Бахытжанұлы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы, Қызылорда облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Сақтапбергенұлы, ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанар Жалғасбайқызы, мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілері қатысты.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түрлі шаралар жүйелі түрде орындалып келеді. Ұлттық тәжірибе мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық озық іс-тәжірибелерді тарту бойынша нақты істер қолға алынды. Қазіргі таңда парақорлықты жоюдың бірегей үлгісін қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту жүзеге асырылған. Елімізде бұл сала бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ел мүддесі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін жете түсінуге кірісті. Сондықтан 2024 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен барлық білім беру ұйымдарының басшылары мен ішкі талдауды жүргізу функциясын іске асыратын комплаенс қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және алдын алу шараларының әсерін күшейту мақсатында «АДАЛДЫҚ. ЗАҢ. АШЫҚТЫҚ» тақырыбындағы ашық-форсайт құқықтық семинар ұйымдастырылып отыр, – деді білім бөлімінің басшысы Е.Теңізбайұлы.

Сонымен қатар, комплеанс қызметкеріне «Заң нормалары», «Адалдық принциптері», «Комплеанс функциялары» тақырыптарында арнайы мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

432267468_1525255728202530_1318524680858524119_n.jpg432274595_1525255838202519_6690800895728828108_n.jpg

Тағы да оқыңыз: