Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Өткелбаева Айгүл Алтынбекқызы тағайындалды.
Жоғары білімді. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты, кәсіби қазақ тілі мен әдебиеті факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Педагогика ғылымдарының магистрі;
2000-2003 жылдар аралығында Қазалы ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2003-2008 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2008 жылы БжҒМ жанындағы республикалық білім сапасын бағалау орталығында сарапшы маман.
2008 жылдан 2019 жылға дейін Қызылорда қаласындағы Үш тілде оқытатын сыныптары бар мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2019 жылдың қаңтар айынан күні бүгінге дейін Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп лицейінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді.