Kyzylorda-news.kz Ведомствоның мәліметінше, байқау бес номинация бойынша өткен. Алғашқы кезеңге 1300-ден астам оқушы қатысса, олардың тек 112-сі финалға өтті, оның ішінде 39-ы ауыл мектептерінің оқушылары. Сонымен қатар Алтай өлкесі, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түрікменстан елдерінен 20 халықаралық қатысушы бақ сынады.
Байқау нәтижесі бойынша 65 оқушы жүлдегер атанды:
I дәрежелі диплом мен алтын медаль - 15 оқушыға;
II дәрежелі диплом - 20 оқушыға;
III дәрежелі диплом - 30 оқушыға берілді.
Қосымша 20 оқушыға Құрмет грамотасы табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Халықаралық қатысушылар арасынан да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды:
1. Бүркітбаев Саяқ - Өзбекстан
2. Байдөлетова Айнұр - Түрікменстан
3. Айдос Нұрмағанбет - Моңғолия
4. Үсенбаева Арайлым - Өзбекстан
Сондай-ақ, Маңғыстау облысынан Айберікұлы Алмаз «Абай» журналының арнайы жүлдесін иеленді.
Абай оқуларын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай облысының білім басқармасы ұйымдастырып отыр.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі