Kyzylorda-news.kz  Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапты. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9-сыныптың оқушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жантүршігірлік жағдайдан кейін ата-аналар баласын мектепке жібермейміз деп шошынып отыр. Өйткені әлімжеттік тоқтамайынша, қайғылы жағдай тағы қайталануы мүмкін дейді. Қанды оқиға 30 сәуір күні мектеп ауласындағы әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, оқушы әлімжеттіктің кесірінен ажал құшқан. Өйткені бұған дейін мектепте балаларға қысым көрсеткен жағдай жиі кездескенін айтады. Ал ауылдасын ажалға қиған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Қайғыдан қан жұтқан ата-ана баласын жер қойнына кеше табыстаған. Мектеп маңын торуылдап жүрген олар 14 жастағы Мирасты жабылып ұрған оқушылар жазадан сытылып кетпесін дейді.

Ал қайғылы оқиға болған күні мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына "жүрек талмасы ұстап қалды" деп хабарлаған.

"Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. "Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз" деп... Кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. "Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын" деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр".Марқұмның анасы Раушан Құдасова.

Сурет: КТК телеарнасы

Тағы да оқыңыз: