Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай алғаш рет «100 жылға – 100 туынды» шығармашылық көрмесі өтті. Іс-шарада «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттерінің шығармалары ұсынылды.
Көрменің негізгі идеясы – ұлттық өнер мен заманауи шығармашылықтың үйлесімін көрсету.
“Көрмеде өңіріміздің мәдени мұрасын, тарихын және өркениетке қосқан үлесін шығармашылық туындылар арқылы көрсетуге тырыстық. Басты мақсатымыз - Қызылорда қаласының тарихи маңызын арттырып, ұлттық мәдениетті дәріптеу. Сондай-ақ, жастардың өнерге деген қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету»,-деді «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Тұрсынбек Омаров.
Алғаш рет ұйымдастырылған көрме Қызылорда қаласының тарихи және мәдени дамуын жаңа қырынан танытып, жас таланттардың шығармашылығына ерекше қолдау көрсетті.