Төтенше жағдай: полицейлерге де сыйақы төленеді – Kyzylorda News
Басты бет

Төтенше жағдай: полицейлерге де сыйақы төленеді

24.03.2020, 18:30

580 0

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген дәрігерлерден бөлек, полиция қызметкерлеріне де үстемеақы төленеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Үкімет пен әкімдіктерге коронавирусқа қарсы шараларға жұмылдырылған дәрігерлерге, полицейлерге және басқа да мамандарға бір жолғы қызметтік жалақысы көлемінде үстемеақыны қамтамасыз етуді және қосымша қаржы қарастыруды тапсырамын», – дейді президент төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Еске салайық, бұған дейін қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге сыйақы төленетінін хабарлаған болатынбыз.