Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген дәрігерлерден бөлек, полиция қызметкерлеріне де үстемеақы төленеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

“Үкімет пен әкімдіктерге коронавирусқа қарсы шараларға жұмылдырылған дәрігерлерге, полицейлерге және басқа да мамандарға бір жолғы қызметтік жалақысы көлемінде үстемеақыны қамтамасыз етуді және қосымша қаржы қарастыруды тапсырамын”, – дейді президент төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Еске салайық, бұған дейін қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге сыйақы төленетінін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: