Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК қыркүйектің 1-і күнгі ауа райы болажамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 қыркүйекте Қазақстан аумағынан атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанның кей бөлігінде ғана тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 1 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай, дауыл, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел болады.